Сыпайылық сапары

Сыпайылық сапары

2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның Ригадағы Елшілігінде Қытай Халық Республикасының Латвия Республикасындағы жаңа Елшісі Тан Cонгэн мырзамен кездесу өтті.

Достық сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Қытай қатынастарының үдемелі дамуын атап өтті.

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов өзінің қытайлық әріптесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы айтып берді. Тан Сонгэн өз тарапынан Мемлекет басшысының бағдарламалық ұстанымдарын іске асыру аясында Қазақстандағы жаңғырту үдерістерін жоғары бағалады.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар елшіліктер желісі бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.