
29 тамызда Латвияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Бірінші екіжақты қатынастар департаментінің директоры Катарина Платеремен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы алдағы саяси консультациялар, сондай-ақ Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы аясында Қазақстан-Латвия қатынастары мәселелерінің барлық секторын жан-жақты талқылады.
Латвия тарапы Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынас деңгейіне ризашылығын білдіріп, екі мемлекет арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге мүдделілігін растады.
Кездесу соңында жоғарыда аталған іс-шараларды пысықтау шеңберінде байланыстарды өзектендіру уағдаластығына қол жеткізілді.