Қазақстандық спортшылар Латвияның Мадона қаласында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының кезеңінде қола медальдарын жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Латвияның Мадона қаласында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының кезеңінде қола медальдарын жеңіп алды

2023 жылғы 18-20 тамызда Мадона қаласында (Латвия) өткен шаңғы роллерлерінен Әлем кубогының III кезеңінде қазақстандық спортшылар қатысты.

Жасөспірім ерлер құрамасының мүшесі Сұлтан Базарбеков «классикалық стильдегі жарыс» түрінен қола медаль алды. Жасөспірім қыздар арасындағы осындай құрмет медалін «суперспринттен» Мария Геращенко да жеңіп алды. Үздік 6 орынға тағы бес спортшыларымыз ие болды.

Латавиядағы қазақстандық ұлдар мен қыздардың сәтті қатысуы оларға жалпы есепте көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі спортшыларымызды лайықты нәтижелерімен құттықтайды және 2023 жылдың қыркүйегінде Италияда өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне сәттілік тілейді.