
2023 жылғы 11-12 шілдеде Латвияда жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Сот әкімшілігінің делегациясы болды.
Сапардың негізгі мақсаты - Латвияның сот органдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту, сондай-ақ сот әкімшілігі саласында тұрақты және жүйелі тәжірибе алмасу.
Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қолдауымен делегация Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, ұлттық судьялар қауымдастығының және Латвия Республикасы Әділет министрлігінің басшылығымен кездесті. Тараптар екі елдің сот жүйелерінде жүргізіліп жатқан заңнамалық реформалар туралы ақпаратпен алмасты. Латвиялық әріптестер қазақстандық заңгерлерді сот ісін жүргізу және соттардың жұмысын әкімшілендіру, Латвия Жоғарғы Сотында кассациялық іс жүргізуді жүргізу тәртібімен таныстырды.
Қазақстандық өкілдер, өз кезегінде еліміздегі сот жүйесін реформалау тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар екі елдің сот органдары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға жоғары мүдделілігін растады.