
8 маусымда Қазақстанның елордасында Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Астана халықаралық форумына Астана экономикалық форумының жетістігі негіз болды. Оның тұжырымдамасы төрт негізгі жаһандық мәселелерді шешуге арналған: сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика және климат, экономика және қаржы. Бұл аспектілер қазіргі Форум миссиясының негізі болып табылады – «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: Ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында».
Форумға 70 елден келген мыңнан астам қонақ қатысады. Олардың қатарында шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар, жетекші әлемдік БАҚ өкілдері, сонымен қатар біздің елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус бар.
Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Еліміздің Көшбасшысы Астана халықаралық форумы өз миссиясы бар диалог алаңы болып табылатынын атап өтті. Мемлекет басшысы бүгінде әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, сондай-ақ өзара ынтымақтастық рухында және көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңартуда диалогтың және бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту маңыздылығын атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш форум қатысушыларына видеоүндеу жолдады
Сонымен қатар, Форумда Қырғызстан Президенті, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы, Өзбекстан Премьер-министрі, ЮНЕСКО-ның Бас директоры, ХВҚ-ның басқарушы директоры, ЕҚЫҰ Бас хатшысы және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО ұйымының атқарушы директоры және т.б. спикерлер сөз сөйлейді.
Форум өз жұмысын 9 маусымда жалғастырады.
Форумда Латвия делегациясын Көлік министрлігінің Парламенттік хатшысы Каспарс Герхардс басқарады. Форум аясында Латвия делегациясының Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының басшылығымен, бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулері жоспарланған.
Форум туралы толық ақпаратпен мына сайттан: https://astanainternationalforum.org/kk таныса аласыздар.