Латвия Сыртқы істер министрлігіндегі кездесу

Латвия Сыртқы істер министрлігіндегі кездесу

2023 жылғы 30 мамырда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Сыртқы істер министрлігінің Бірінші екіжақты қатынастар департаментінің директоры Катарина Платеремен кездесті.

Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Т.Пірімбетов жоғары дәрежелі латвиялық дипломатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Брюссельге сапарының қорытындылары (2023 жылғы 14-15 мамыр) және Еуропалық Одақ басшылығымен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабардар етті.

Кездесуде сұхбаттасушылар Қазақстан мен Латвияда жоспарланған алдағы іс-шараларға: Астана Халықаралық форумына (2023 жылғы 8-9 маусым) және Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының, Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топтары өкілдерінен тұратын Латвияға бизнес-миссияның өңірлік сапарына (2023 жылғы 12-16 маусым) ерекше назар аударды.

Астана Халықаралық Форумына Латвия Көлік министрлігінің Парламенттік хатшысы Каспарс Герхардс бастаған Латвия делегациясы қатысатындығын атап өткен жөн.

Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша елдер арасындағы қатынастарды жан-жақты нығайтуға мүдделілік пен ұмтылысты растады.