Словак Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Бранислав Павловичпен кездесу

Словак Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Бранислав Павловичпен кездесу

2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан Елшілігінде Словак Республикасының Латвия Республикасындағы жаңа Елшісі Бранислав Павловичпен кездесу өтті.

Қазақстан Елшісі Тимур Примбетов словак әріптесін Латвиядағы ресми қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Достық сұхбат барысында дипломаттар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан-Латвия және Словакия-Латвия ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Т.Пірімбетов сұхбаттасушыға ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында елімізде өтетін Латвиядан өкілді делегациялар қатысатын ірі халықаралық іс-шаралар: ЕО-Орталық Азия II-ші экономикалық форумы және «AIF-2023» Астана халықаралық форумы туралы хабардар етті.

Кездесу соңында дипломаттар шайбалы хоккейден 86-шы Әлем Чемпионаты аясында Ригада 19 мамырда өтетін мұз аренасында кездесетін ұлттық хоккей командаларына сәттілік тіледі.