Қазақстан Республикасының ең үлкен туын Ригада қазақстандық хоккей жанкүйерлері ашты

Қазақстан Республикасының ең үлкен туын Ригада қазақстандық хоккей жанкүйерлері ашты

Рига, 2023 жылғы 13 мамыр – Қазақстан Елшілігі отандастармен бірлесіп, Латвия астанасында 2027 жылы елімізде хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге қазақстандық өтінімді қолдау мақсатында жарқын және есте қаларлық флешмоб өткізді.

«Arēna Rīga» мұз аренасының алдында Қазақстанның туы жайылды, онда осы күндері шайбалы хоккейден 86-шы Әлем чемпионаты өтіп жатыр, оған еліміздің Ұлттық құрамасы қатысады.

Қазақстанның туы Ригаға арнайы жеткізілді, оның өлшемдері әсерлі және кәсіби мұз аренасымен салыстыруға тұрарлық: 40-тан 20 метрге дейін, жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайды.

Мұндай ауқымды акция алғаш рет шетелде өткізіліп отыр. Осындай флэшмоб Балтық теңізінің жағасында Юрмала қаласында да өткізілетін болады.

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Рига және Юрмала Думасының басшылығына, 86-шы Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетіне және Латвия хоккей федерациясына аталған іс-шараларды өткізуге жәрдемдескені үшін ерекше ризашылығын білдіреді.

Қазіргі хоккейден Әлем чемпионатына әлемнің 16 елінен құрама командалар қатысады. Матчтар 12-28 мамыр аралығында Латвия мен Финляндияда өтеді.

Біздің құрамамызға жеңісті ойындар тілейміз!