Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасын Ригада жылы қарсы алды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасын Ригада жылы қарсы алды

Латвияға 12-28 мамыр аралығында Рига мен Тампереде (Финляндия)  өтетін 86-шы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатына қатысу үшін хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы келді.

Қазақстандық хоккейшілер орналасқан қонақ үйдің жанында оларды Латвияда тұратын отандастарымыз, Ригада оқитын қазақстандық студенттер мен Елшілік қызметкерлері ерекше жылулықпен қарсы алды.

Қазақстан құрамасы Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Словениядан келген лайықты қарсыластарымен, сондай-ақ Чемпионат иелері – Латвия құрамасымен матчтар өткізетін болады. Алғашқы ойын 13 мамырда норвегиялықтармен өтеді.

Біздің құрамаға мұз аренасында сәттілік пен жеңіс тілейміз!