Латвияда өтетін өңірлік бизнес-форумға дайындық мәселелері талқыланды

Латвияда өтетін өңірлік бизнес-форумға дайындық мәселелері талқыланды

2023 жылғы 10 мамырда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов онлайн форматта «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағының бас директоры Ерлан Абсатовпен және Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасының Көлік дәліздерін дамыту жөніндегі кеңесшісі Айжан Бейсеевамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты 2023 жылғы маусымда Латвия мен Литвада жоспарланған Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтетін өңірлік бизнес-форумдарға дайындық барысын талқылау болды.

Аталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы уағдаластықтарға ағымдағы жылдың ақпан айында Латвия мен Литваға «KAZLOGISTICS», «ТРАСЕКА» Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы және Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасының басшылығы мен өкілдерінің құрамындағы қазақстандық делегацияның танысу сапары барысында қол жеткізілді.

Ағымдағы жылғы 12-13 маусымына жоспарланған Латвиядағы бизнес-форум барысында латвиялық әріптестерге Орталық Азия өңірінің сауда және көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылады, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша халықаралық автокөлік жүк және мультимодальды тасымалдарды дамыту бойынша Балтық елдерімен өңірлік байланыстарды орнату мәселелері, сондай-ақ екіжақты деңгейде транзиттік-көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланады.

Кездесу қорытындысы бойынша Ригада өтетін бизнес-форумның ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін сапалы пысықтау үшін тұрақты байланыстар мен ақпарат алмасуды жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.