Грузияның Латвиядағы Елшісі Ираклий Курашвилимен кездесу

Грузияның Латвиядағы Елшісі Ираклий Курашвилимен кездесу

2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Елшілігінде Грузияның Латвия Республикасындағы жаңа Елшісі Ираклий Курашвилимен кездесу өтті.

Қазақстан Елшісі Тимур Примбетов грузин әріптесін Латвиядағы ресми қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Достық сұхбат барысында дипломаттар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан-Латвия және Грузия-Латвия ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Т. Примбетов сұхбаттасушыға Мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы айтып берді. Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында елімізде өтетін ірі халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті: ЕО-Орталық Азия II-ші экономикалық форумы және «AIF-2023» Астана халықаралық форумы, оған Латвиядан өкілді делегациялар қатысады.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар елшіліктер желісі бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.