Латвия Республикасының Тәуелсіздігін қалпына келтіру күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар

Латвия Республикасының Тәуелсіздігін қалпына келтіру күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар

2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасының Тәуелсіздігін қалпына келтірудің 33 жылдығына орай Латвия Сеймінің салтанатты отырысына қатысты. Отырыс Сейм Спикері Э.Смилтенстің төрағалығымен өтті.

Сол күні республика басшылығының, Сейм депутаттарының, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлердің, Латвияда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпустың, өңірлердің, Латвияның ұлттық-мәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен Бостандық монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.