Транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2023 жылғы 2 мамырда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Латвия Республикасы Байланыс министрлігінің Көлік логистикасы және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Элина Луце және департаменттің аға сарапшысы Элина Стродахамен кездесу өтті. Онлайн форматында кездесуге Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия Көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Улдис Рейманис қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты-транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сонымен қатар ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында өтетін Қазақстан мен Латвиядағы көпжақты және екіжақты іс-шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін талқылау.

Атап айтқанда, ү.ж. 18-19 мамырда Алматыда өтетін II ЕО-Орталық Азия экономикалық форумына Латвия өкілдік делегациясының қатысуы, сондай-ақ ү.ж. 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысу. Сонымен қатар, тараптар маусым айының екінші онкүндігінде Ригада екі елдің құзыретті ведомстволары министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Көлік жөніндегі қазақстандық-латвиялық жұмыс тобының кезекті отырысын, сондай-ақ Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Латвияда өңірлік бизнес-форум өткізу мүмкіндігін талқылады.