1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен!

Құрметті қазақстандықтар, қымбатты достар!

Латвиядағы Қазақстан Елшілігі баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бірлігі жарасқан еліміздің баға жетпес байлығы - ырысты ынтымағымыздың арқасында түрлі ұлт пен дін өкілдері бір шаңырақтың астында басын қосып, тату-тәтті өмір сүріп келуде.

Аталған мереке барша қазақстандықтар үшін достықтың, бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің нышанына айналды.

Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке, игі қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!