Лиепая қаласында транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Лиепая қаласында транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

2023 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовтің Лиепая қаласына жұмыс сапары өтті.

Сапар «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағының Бас директоры Ерлан Абсатов, ТРАСЕКА ҮАК Тұрақты хатшылығының Бас хатшысы Әсет Асавбаев және Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасының өкілі Айжан Бейсеевадан құралған қазақстандық делегацияның Латвияға сапарына орайластырылды.

Қазақстандық делегацияның Латвия Байланыс министрлігінің, «Latvijas dzelzceļš» МАҚ (Латвия темір жолдары), латвиялық стивидорлық компаниялар мен автотасымалдаушылар қауымдастықтарының, сондай-ақ ірі порттардың (Вентспилс, Рига және Лиепая) басшылығымен кеңейтілген кездесуі барысында транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективалары, сондай-ақ латвиялық тасымалдаушылардың «Еуропа-Кавказ-Азия» халықаралық көлік дәлізінің (ТРАСЕКА) мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды Кездесудің іс-жүзіндегі нәтижесі 2023 жылғы маусымда Латвия мен Литвада Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өңірлік бизнес-форумдар өткізу туралы уағдаластық болды.

Өңірлік сапар аясында Қазақстан Елшісі Лиепая қалалық Думасында заң шығарушылық жиналыстың кейбір депутаттарымен және Лиепая қаласында жұмыс сапарымен болған Латвия Республикасының Ішкі істер министрі Марис Кучинскиспен кездесті. Т.Пірімбетов сұхбаттасушыларды Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, екіжақты Қазақстан-Латвия қатынастары туралы хабардар етті. Латвия ІІМ басшысымен құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.