ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Латвия Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 305 сайлау учаскесінде (Рига қаласы, Jura Alunāna көшесі, 2) өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Дауыс беру күні Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.

№ 305 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосылу үшін rigaconsulate@mfa.kz электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтеріңізді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, төлқұжат нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Латвияда тұратын мекенжайыңызды, байланыс деректеріңізді (телефон, электрондық пошта) «Сайлау-2023» белгісімен алдын-ала жолдауыңызға кеңес береміз.

Сіз өзіңіздің тізімге қосылғаныңызды +371 672 43 028 телефоны арқылы тексере аласыз.