«Астана» халықаралық қаржы орталығы делегациясының Латвияға іссапары

«Астана» халықаралық қаржы орталығы делегациясының Латвияға іссапары

2020 жылғы 27 ақпанда Қ.Келімбетовтің басшылығымен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы делегациясының Рига қаласына іссапары өтті.

Қазақстандық делегация Балтық елдері, Солтүстік және Шығыс Еуропа, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының 100-ден аса алдыңғы қатарлы бас менеджерлерін біріктіретін «Changer International Business Club» халықаралық клубтың жұмысына қатысты. АХҚО  Басқарушысы Қ.Келімбетов «Азиядағы мүмкіндіктер» тақырыбына баяндама жасады.  

Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің ұсынысы бойынша АХҚО делегациясы қаржы технологиялары, жасанды интеллект, микробиология және ғарыш салаларындағы латвиялық стартап жобаларының көшбасшыларымен кездесті. Мәселен, «Commercialization Reactor» басшысы, «Conelum» бірегей жобасының (азық-түлік өнеркәсібі үшін микробиологиялық экспресс-тесттерді дайындау) негізін қалаушы А.Адамовичпен, «Eventech» жобасының (лазерлік локация станциялары мен серіктер үшін уақыт өлшеу жүйесі) авторы мен әзірлеушісі П.Размаевпен және «Intrum» (қаржы технологиялары) М.Пауковпен, сондай-ақ «Халықаралық Балтық Банкі» директорлар кеңесінің төрайымы - «Commercialization Reactor Fund» басқарма мүшесі И.Гульчакпен және «Балтық-қазақстандық даму қауымдастығы» басқарма төрағасы А.Видякинмен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде АХҚО алаңында байланыс орнатуға өзара қызығушылық танытты.

Осыған орай, Қ.Келімбетов латвиялық әріптестерін ү.ж. 1-3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Astana Finance Days» Халықаралық форумның жұмысына қатысуға шақырды.