
2022 жылғы 25 қарашада Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Ғылым академиясының Экономика институтының директоры Нина Линдемен кездесті.
Тараптар экономикалық зерттеулер, ғылым және инновациялар саласындағы сараптамалық институттар арасындағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Т.Пірімбетов Н.Линданы алдағы 2023 жылғы маусымда өтетін XIII Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.
Өз тарапынан Н.Линде қазақстандық сарапшыларға 2023 жылғы қыркүйекте Ригада өткен Халықаралық экономикалық форум аясында мемлекеттік басқару саласында бірлескен панельдік сессия өткізуді ұсынды.
Рига Халықаралық экономикалық форумы жыл сайын Латвия Республикасы Ғылым академиясының қолдауымен Экономика институты ұйымдастыратын беделді сараптамалық алаң болып табылады.