
2022 жылғы 10 қарашада Қазақстанның Ригадағы Елшілігінде Испания Корольдігінің Латвия Республикасындағы жаңа Елшісі Мануэль Алама Оренеспен кездесу өтті.
Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов өзінің испандық әріптесін Латвиядағы ресми қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Одан әрі сұхбат барысында тараптар екіжақты қазақстандық-латвиялық және испандық-латвиялық қатынастары жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, Т.Пірімбетов Мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы айтып, елімізде алдағы президент сайлауы мен сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Кездесу соңында тараптар елшіліктер желісі бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.