
Рига, 2022 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде «Тапсырмаларда берілген Тоғызқұмалақ негіздері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап халықаралық Қазақстан-Латвия жобасы болып табылады, оның бастамашылары мен авторлары Олайне қаласының «Логика» Латвия интеллектуалдық үстел ойындары клубының басшысы Любовь Азимова және «Тоғызқұмалақ» бойынша қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Лина Каримова болды. Дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясы, қазақстандық тарихшы-ғалымдар, өнертанушылар, этнографтар мен суретшілер кітаппен жұмыс істеуде орасан зор әдістемелік және консультациялық көмек көрсетті.
Кітаптың тұсаукесеріне Елшілікке Латвияда аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, Олайне өлкелік думасының және Дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясының басшылығы, Латвияның ғылыми және академиялық топтарының, қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері шақырылды. Іс-шараның құрметті қонағы Дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті Әлихан Байменов болды. Ол аталған кітап «Тоғызқұмалақ» ойынын өз бетінше зерттеуге арналған ең үздік заманауи басылымдардың бірі екенін атап өтті.
Айта кететін жәйт, Латвияда «Тоғызқұмалақ» ойынына деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді, әсіресе жастар арасында. 2022 жылғы қазанда Латвияда «Тоғызқұмалақ» бойынша Латвия Федерациясы ресми түрде тіркелді. Ағымдағы жылғы 2-4 қарашасында Олайне қаласында оқушылар арасында «Тоғызқұмалақтан» ұлттық жарысы өтті, оның аясында «Тоғызқұмалақтан» Қазақстан құрамасының бас бапкері Серік Ақтаев мастер-кластарын өткізді. Латвия құрамасы елімізде 2022 жылғы 20-28 қарашада Ақтөбе қаласында өтетін «Тоғызқұмалақтан» VI Әлем чемпионатына қатысады.