
Ағымдағы жылғы 22-25 қазанда Латвияда Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның басшысы Н.Ахметзакиров бастаған делегациясы жұмыс сапарымен болды.
Сапар аясында Латвияның Жоғарғы соты мен Сот әкімшілігінің басшылығымен кездесулер өтті, оның барысында тараптар сот ісін жүргізуге IT-технологияларды енгізу және соттардың жұмысын тиімді басқару тәжірибесімен алмасты. Латвиялық әріптестер жоғарыда аталған мәселелердегі Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, Латвияның сот жүйесін ұйымдастыру және ақпараттық технологияларды пайдалану туралы Қазақстанның аталған мәселелерде жетістіктерін жоғары бағалап, Латвия сот жүйесін ұйымдастыру және ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтып берді. Сонымен қатар, делегация Латвия Республикасының Жоғарғы сот пен Әділет сарайына барды.
Қазақстан Елшілігінде IT-кластер басшылығымен және сот органдарының жұмысын автоматтандыру саласында «ZZ Dats» жетекші латвиялық компаниясының басшылығымен делегацияның кездесулері ұйымдастырылды.