
2022 жылғы 19 қазанда Елшіліктің бастамасымен Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовтің Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар бірінші департаментінің директоры Катарина Платеремен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Екіжақты шарттық-құқықтық базаны дамытуға және жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Қазақстан Елшісі жоғары дәрежелі Латвия дипломатын Мемлекет басшысының басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ өткен және алдағы маңызды сыртқы саяси және мемлекетшілік іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Латвия қатынастарының дамуының жағымды динамикасын атап өтті.