Латвиялық депутаттармен кездесу

Латвиялық депутаттармен кездесу

Ү.ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтасу жөніндегі парламентаралық топтың мүшелері – Латвия Республикасы Сеймінің (Парламент) депутаттарымен кездесті.

         Латвия Сеймінде ынтымақтасу жөніндегі парламентаралық топ 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Оның құрамына Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясындағы латвиялық ұлттық делегацияның кейбір мүшелерін қоса алғанда, 16 депутат кіреді. 2019 жылдың ақпан айынан бастап топты латвиялық танымал саясаткер, Сеймнің қазіргі құрамындағы «Жасылдар мен шаруалар одағы» партиясы фракциясының төрағасы Улдис Аугулис басқарады.

Кездесу барысында, латвиялық депутаттар Рига қаласында еліміздің Елшілігін ашу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың шешімін жоғары бағалады.

Іскерлік және конструктивті түрде тараптар парламентаралық ынтымақтастық аспектілерінен басқа сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің кең көлемдегі мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, транзиттік-көліктік, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, IT, банк қызметі, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мен оның аясын кеңейту бойынша өзара қызығушылық танытылды.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан мен Латвия арасындағы шарттық-құқықтық базаны ұлғайтуға үлкен мән берілді.

Латвиялық депутаттар, алдағы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін мерейтойлық шаралар туралы ақпараттандырылды.