
Рига, 2022 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде көрнекті қазақ ағартушысы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, ақын және публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған Латвияның жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті.
Сонымен қатар, Елшілікке Латвия университеті Академиялық кітапханасының директоры, филология ғылымдарының докторы Вента Коцере, Рига техникалық университеті Халықаралық бөлімінің басшысы Наталья Мурачева және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамаладен Ибрагимов шақырылды.
Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, оның шығармашылық мұрасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді.
Іс-шара соңында жиналғандар Ахмет Байтұрсынов сияқты көрнекті тұлға үлгісінде ұлттық мәдениетті шетелде ұйымдастырып, насихаттағаны үшін алғыстарын білдірді.