Латвия Республикасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Салтанатты қабылдау өтті

Латвия Республикасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Салтанатты қабылдау өтті

2019 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Салтанатты қабылдау өткізді. 

Қабылдауға Латвия Президенті мен Үкіметінің әкімшілігі, Сейм (Парламент) депутаттары мен Президиум мүшелері, Қазақстан-Латвия парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері, Сыртқы істер министрлігі, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылығы, Рига Думасының депутаттары, Рига мэрі, сондай-ақ Латвияның басқа да үлкен қалаларының басшылары, дипломатиялық корпус, іскер топтар, көрнекті мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері, қоғамдық белсенділер, қазақ диаспорасы, Латвияның жетекші БАҚ-тары қатысты.  

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Тимур Пірімбетов өзінің құттықтау сөзінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дамыған азаматтық қоғам, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономикасы бар мемлекет ретінде Қазақстанды аяққа тұрғызудағы рөлін баса атап өтті.

Сонымен қатар, Т.Пірімбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылы Қазақстан Республикасының Латвияда Елшілігін ашу жөніндегі маңызды шешіміне тоқталды.  

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында өзара құрмет пен қолдауға негізделген тығыз байланыстар орнатылды. Латвия Балтық өңіріндегі Қазақстанның сенімді серіктесі және Қазақстан ресми Ригамен екі жақты өзара әрекеттесудің барлық спектрі бойынша ынтмақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға мүдделі. 

Шара қонақтары Қазақстан туралы фотокөрме тамашалап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.