Латвияда «Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойыны бойынша екінші жарыс ойындары өтті

Латвияда «Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойыны бойынша екінші жарыс ойындары өтті

2020 жылғы 24-26 қаңтар кезеңінде Елгава және Олайне қалаларында (Латвия) оқушылар арасында «Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойыны бойынша екінші жарыс ойындары мен мастер-класстар өтті. Биылғы жылы жарыс ойындары ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық меретойына арналды. 

Іс-шара латвиялық «Логика» зияттық ойындар клубының «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша Дүниежүзілік федерациясымен бірігіп, Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі мен Елгава және Олайне  қалалары әкімшіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.  

Жарысқа Латвияның әртүрлі қалаларынан 30-дан аса оқушылар қатысып, алты марапат орындары берілді. Жасөспірімдер арасында бірінші орынға латвиялық оқушы Даниел Раминс ие болса, қыз балалар арасында қазақстандық қатысушы Аңсаған Қожанәсіп ие болды. 

Қазақстанның Елшілігі жеңімпаздарға естелік жүлделер табыстады.

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы, «Тоғызқұмалақ» спорты Федерациясының атқарушы директоры Серік Ақатаев жарыс қатысушылары үшін мастер-класс өткізді. 

Ойын Латвияда екі жыл бұрын белсенді дами бастады. 2018 жылы «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша «Логика» зияттық ойындар клубында секция ашылып, сол жылы Балтық өңірінде бірінші рет жарыс ойындары өтті. 2019 жылы Латвияның құрама командасы пайда болып, сол жылы Анталияда (Түркия) өткен «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша  5-ші  әлем чемпионатына қатысты. 

Латвиялық жастар арасында аталған ойынға деген қызығушылық артып келетіндігі және Латвияда «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жарыс ойындары жалғасын табатыны сөзсіз.