Латгалия аймағына іссапары туралы

Латгалия аймағына іссапары туралы

2022 жылғы 28 шілдеде Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовтің Латгалия аймағы мен Резекне қаласына іссапары өтті.

Т.Пірімбетов Резекне қаласы әкімінің экономикалық даму жөніндегі бірінші орынбасары Алексей Стецпен кездесті. Кездесуге сонымен қатар «Резекне» арнайы экономикалық аймағының басшысы Криста Фрейберга, қаланың даму бөлімінің басшысы Георгий Орлов және Қазақстан-Балтық экономикалық даму қауымдастығының Басқарма төрағасы Александр Видякин қатысты.

Тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім және ғылым, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қазақстандық дипломат қаланың және Арнайы экономикалық аймақтың даму жоспарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Т.Пірімбетов, сондай-ақ Латвияның Мемлекеттік шекара қызметі үйлестіретін Орталық Азиядағы «БОМКА» шекараны басқаруға жәрдемдесу бағдарламасының 10-кезеңі шеңберінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдері мамандарын (кинолог) даярлау курсының басталуына орай Латвия Мемлекеттік шекара қызметінің колледжінде болды.

«БОМКА» бағдарламасы басшысының орынбасары Владимир Загузовс пен Колледж директоры Марикс Петрушинс қазақстандық шекарашылардың кәсіби даярлық деңгейін, сондай-ақ еліміздің «БОМКА»  бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді және тиімді қатысуын жоғары бағалады.