Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар департаменті басшылығымен кездесу

Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар департаменті басшылығымен кездесу

2022 жылғы 18 шілдеде Елшіліктің бастамасымен Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты байланыстар бірінші департаментінің директоры Катарина Платеремен кездесу өтті.

Сұхбаттасу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Латвия сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар, сондай-ақ екі елдің сыртқы істер ведомстволары басшыларының телефон арқылы сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

Екіжақты құқықтық базаны дамыту мен жетілдіруге ерекше назар аударылды.