Қазақстан және Латвия сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан және Латвия сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 1 шілде – Латвиялық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Латвия Республикасы Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен телефон арқылы сөйлесуі өтті.

Министрлер екіжақты экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде сауда, көлік және логистика, әуе қатынасы, ақпараттық технологиялар, «жасыл» экономика, азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы перспективаларды талқылады.

Э.Ринкевичс біздің елмен тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін мәлімдеді, сондай-ақ отандық дипломатиялық қызметтің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.