Латвияның Орталық сайлау комиссиясында кездесу

Латвияның Орталық сайлау комиссиясында кездесу

Рига, 2022 жылғы 25 мамыр – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрайымы Кристина Берзинямен кездесті.

Т.Пірімбетов 2022 жылғы 5 маусымда елімізде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумға дайындық барысы туралы айтып берді. Конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамның өмірлік маңызды сұраулары мен ұсыныстарын ескеретінін атап өтті. 5 маусымда қазақстандықтар Негізгі Заңның 31 бабына түзетулер мен 2 жаңа баптармен толықтыру үшін дауыс беретін болады. Референдумға қойылатын мәселелер билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру мақсатында қолданыстағы саяси модельдің тұжырымдамалық трансформациясына қатысты.

Өз кезегінде, К.Берзиня Қазақстан ОСК Төрағасының шақыруымен латвиялық тарап біздің елге референдумның халықаралық бақылаушылары ретінде екі өкілді жіберетінін хабарлады. Латвия ОСК басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында өтетін Латвиядағы парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы да айтты.

Кездесу соңында тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға жоғары мүдделілігін растады.