Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №305 сайлау учаскесі құрылды, ол 2022 жылғы 5 маусымда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) ашылады.

Елшіліктің мекен-жайы: Рига қ., Jura Alunana iela 2.

Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

№305 сайлау учаскесіндегі республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Латвия Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылғы 20 мамырға дейін өз деректерін (ТАӘ, туған күні, ЖСН, Латвиядағы тұрғылықты жерінің мекенжайы, байланыс деректері) Елшіліктің riga@mfa.kz, rigaconsulate@mfa.kz электрондық мекенжайына «Референдум-2022» белгісімен жолдаулары қажет.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында танысуға болады.