Қазақстан Елшілігінде еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдум туралы баяндалды

Қазақстан Елшілігінде еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдум туралы баяндалды

Рига, 17 мамыр 2022 жыл - Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Латвияның жетекші медиа-холдингтерінің бірі «SIA Mediju nams» басқарма төрағасы Наурис Капостинспен және «Neatkariga Rita Avize» күнделікті қоғамдық-саяси газетінің саяси шолушысы Ритумс Розенбергспен кездесу өтті.

Қазақстан Елшісі Т.Пірімбетов сұхбаттасушыларды 2022 жылғы
5 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломат Конституцияға енгізілетін түзетулер азаматтардың бірінші кезектегі маңызды сұраныстарына негізделгенін және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылатынын атап өтті. Атап айтқанда, әңгіме Конституцияның 31-бабына түзетулер мен екі жаңа бабын толықтыруды көздейтін өзгерістер туралы болып отыр. Конституциялық реформа Қазақстанның мемлекеттік институттар мен қоғамның қалыптасуы мен өзара іс-қимылының сапалы жаңа үлгісіне біржола көшуін білдіреді.

Сұхбаттасу соңында бірлескен имидждік жобаларды, оның ішінде Қазақстан мен Латвия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған жобаларды жүзеге асыруда Елшілік пен баспа медиа-холдингінің арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірілді.