Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастық аясы кеңеюде

Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастық аясы кеңеюде

2022 жылғы 31 наурызда Елшілікте құрамында «Қазақстан Су Арнасы», «Атамекен» ҰКП, «ЭКСПО Инжиринг/консорциум» Ағарту» ЖШС, «ҚұрылысЭкспертПроект» ЖШС басшылары мен өкілдері бар қазақстандық делегациямен кездесу өтті. 

Делегация Еуропалық Одақ қаржыландыратын «ENGINE» жобасын іске асыру аясында Латвияның «CLEANTECH LATVIA» таза технологиялар кластерінің шақыруымен Латвияға келген.

Латвияның сертификаттау және стандарттау, құрылыс саласындағы сапаны бақылау және қадағалау, инновациялық технологиялар мен экологиялық құрылыс стандарттарын енгізу, экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады.  

Сапар барысында қазақстандық мамандар Латвия ұлттық аккредиттеу бюросының, Құрылысты бақылау жөніндегі мемлекеттік бюроның, сондай-ақ кәсіби бірлестіктердің ­– Латвия құрылысшылар мен сәулетшілер одағының, жылу, газ және су техникасы жөніндегі инженерлердің қызметімен танысуға мүмкіндік алды.

Елшіліктегі кездесуде Қазақстан мен Латвия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету, экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөнінде жан-жақты пікір алмасылды. Латвиялық әріптестермен салалық бизнес-форумдарды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар айтылды. Сұхбат барысына «CLEANTECH LATVIA» өкілдері де қатысты.