
2022 жылғы 15 наурызда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Тимур Пірімбетовтың Орталық Азияда шекараны басқару бағдарламасы (БОМКА) 10-фазасынын Жоба Басшысының орынбасары Владимир Загузовспен кездесу өтті.
Кездесу барысында В.Загузовс Бағдарламасының 10-фазасыны жүзеге асыру барысы, өткен кезеңдегі іс-шаралардың нәтижелері туралы егжей-тегжейлі хабардар еттіп, сондай-ақ биылғы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы тоқталды.
В.Загузовс Қазақстанның «БОМКА» бағдарламасын іске асыруға қатысуын жоғары бағалап, осы бағдарламаға қатысушы қазақстандық ведомстволар қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысын атап өтті.
«БОМКА» бағдарламасы Орталық Азиядағы ЕО-ның ең ірі бағдарламаларының бірі болып табылады. Бағдарламаны Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің шекараны басқару органдарының консорциумы мен Көші-қон саясатын дамытудың халықаралық орталығы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта консорциумды Латвия Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі басқарады. 2021 жылдың сәуірінде басталған Бағдарламаның 10-шы фазасы Орталық Азияның барлық бес елін – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды қамтитын географиялық қамтуды сақтай отырып, тақырыптық аумақтарды кеңейтті.