
COVID-19 инфекциясының таралуын шектеу бойынша бірқатар эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының жойылуына байланысты Үкіметтің шешімімен Латвия Республикасының аумағына кіру шарттары өзгертілді.
2022 жылғы 1 наурыздан бастап Латвияға кіру үшін дәлелді себеп қажет емес.
Covidpass.lv сайтында елге кіру үшін электрондық нысанды толтыру және кіргеннен кейін өзін-өзі оқшаулауды сақтау бойынша талаптары жойылды. Сонымен қатар, ЕО-да танылатын COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы сертификаттың немесе COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесінің болуы туралы талап күшінде сақталады, ол шығу елінің тілінде немесе ағылшын тілінде ресімделуі және баспа немесе электрондық түрде ұсынылуы тиіс.
Бұдан басқа, кіру үшін ЕО-да танылатын COVID-19 немесе бастан өткерген ауруға қарсы вакцинация туралы сертификат талап етілмейтін жағдайларда, немесе COVID-19-ға, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балалар үшін теріс тест нәтижесі күшінде қалады.
Толық ақпарат Министрлер кабинетінің №662 «COVID-19 инфекциясының таралуын шектеу жөніндегі эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары» ережелерінде https://www.sam.gov.lv/lv/jaunumi келтірілген.
Бүгінгі таңда 35 үшінші ел ЕО-ның эквиваленттілік туралы шешімдері негізінде Еуропалық Одақтың COVID-19 сандық сертификаттар жүйесіне қосылғанына назар аударамыз.
Аталған елдерде берілген COVID-19 сертификаттары ЕО-да ЕО-ның Цифрлық COVID-19 сертификаты сияқты шарттарда қабылданады.
1. Албания 19. Солтүстік Македония
2. Андорра 20. Норвегия
3. Армения 21. Панама
4. Бенин 22. Сан-Марино
5. Кабо-Верде 23. Сербия
6. Сальвадор 24. Сингапур
7. Фарер аралдары 25. Швейцария
8. Грузия 26. Тайвань
9. Израиль 27. Таиланд
10. Исландия 28. Тунис
11. Иордания 29. Того
12. Ливан 30. Түркия
13. Лихтенштейн 31. Украина
14. Молдова 32. БАӘ
15. Монако 33. Ұлыбритания
16. Черногория 34. Уругвай
17. Марокко 35. Ватикан
18. Жаңа Зеландия