Транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2022 жылғы 2 наурызда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовтің Латвияның Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Улдис Рейманиспен және Көлік министрлігінің Халықаралық департаментінің директоры Элина Луцемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сұхбаттасушылар тұрақты байланыстарды, оның ішінде екі елдің бейінді ведомстволары желісі бойынша байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын растады. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша ү.ж.  3 наурызына халықаралық тасымалдар саласындағы ағымдағы жағдайды талқылау үшін екіжақты консультациялар жоспарланған.