Қаңтар оқиғалары туралы деректі фильм көрсетілімі

Қаңтар оқиғалары туралы деректі фильм көрсетілімі

Рига, 2022 жылғы 24 ақпан - Қазақстан Елшілігінде «Хабар» Агенттігі әзірлеген Қазақстандағы қасіретті қаңтар оқиғалары туралы деректі фильм көрсетілімі өтті, оған диаспора өкілдері мен Латвияда оқитын қазақстандық студент жастардың белсенділері шақырылды.

Фильмді көрер алдында Елшіліктің дипломаттары қаңтардағы оқиғалардың хронологиясына түсініктеме беріп, Қазақстан жағдайды тұрақсыздандыруға және билікті басып алуға бағытталған жақсы жоспарланған гибридтік шабуылға тап болғанын атап өтті. Ел басшылығының батыл әрі уақтылы жасаған іс-қимылының арқасында жағдайды барынша қысқа мерзімде бақылауға алып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары жан-жақты және объективті тергеу жүргізуде, оның нәтижелері халыққа жария етіледі. Іс-шараға қатысушыларға жаңа Үкіметтің экономикалық реформаларды жүзеге асыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі міндеттері туралы қысқаша ақпарат берілді.