Латвиялық медиа-холдинг «SIA Mediju nams» басшылығымен кездесу туралы

Латвиялық медиа-холдинг  «SIA Mediju nams» басшылығымен кездесу туралы

2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Елшілігінде «SIA Mediju nams» латвиялық медиа-холдингінің басқарма төрағасы Наурис Капостиньшспен және «Neatkariga Rita Avize» күнделікті қоғамдық-саяси газетінің саяси шолусымен Ритумс Розенберспен кездесу өтті (холдинг кұрамына кіреді).

Кездесу барысында Елшіліктің медиа-холдингпен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, екі ел арасындағы мәдени және қоғамдық салалардағы елеулі оқиғалары, сондай-ақ Елшілік бағытындағы Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай іс-шаралары бойынша мәселелер талқыланды.