
2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Тимур Пірімбетов Рига аэронавигация институтының (Riga Aeronautical Institute, RAI) Вице-президенті және ректоры Михаил Каролмен және Анатолий Мелниспен кездесті.
Сұхбат барысында Рига аэронавигация институтымен әуе көлік жүйелерін басқару (ұшқыштар), әуе кемелерін техникалық пайдалану, әуе көлігі қозғалысын басқару (авиадиспетчерлер) сияқты мамандықтар бойынша дипломды кадрларды даярлау бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта RAI-да Қазақстанның 27 студенті бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алуда.
15 жыл бойы RAI «Қазаэронавигация» РМК-мен авиадиспетчерлерді қайта даярлау бойынша табысты ынтымақтастық жасап келеді.
Кездесу барысында RAI Қазақстанның авиация саласы үшін мамандар даярлау бойынша ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі ұсыныстарды ұсынатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі жоғары оқу орнының басшыларына екі ел арасындағы жоғары инженерлік-техникалық білім беру саласындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген қызығушылық пен ниет білдіргендері үшін алғысын айтты.