
2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде «Air Baltic Corporation AS» әуе компаниясының Сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Светлана Абашкинамен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты - Латвия ұлттық тасымалдаушысының Қазақстан мен Латвия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту жөніндегі келіссөздер үрдісін жалғастыру.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі ұшуды қайта бастау Қазақстан мен Латвия арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды дамытуға қосымша серпін беретінін атап өтті. Тараптар екі елдің авиациялық ведомстволары арасында осы мәселе бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.
«Air Baltic Corporation AS» 1995 жылы құрылған. Компанияның бас акционері (акциялардың 96.14%) Латвия Республикасының Үкіметі болып табылады. Авиакомпания 70 бағыт бойынша ұшуды жүзеге асырады және Балтық өңіріндегі ең ірі авиатасымалдаушысы болып табылады.
2018 жылы әуекомпания Рига – Алматы – Рига бағыты бойынша маусымдық рейстерді жүзеге асырды. Жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты 2020-2021 жылдары рейстер тоқтатылды.