
2022 жылғы 25 қаңтарда Елшіліктің бастамасымен Елші Тимур Пірімбетов Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты байланыстар дирекциясының Бас директоры Нилс Янсенспен кезду өткізді.
Сұхбат барысында тараптар көпжоспарлы Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру міндеттеріне баса мән берілді.
Елші Т.Пірімбетов жоғары лауазымды латвиялық дипломатты Қазақстанда орын алған қасіретті оқиғалары туралы хабардар етіп, сұхбаттасушының назарын Қазақстан басшылығының, ең алдымен, елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларына аударды. Сонымен қатар, Т.Пірімбетов қазіргі уақытта Қазақстан билігі мұқият және жан-жақты тергеу жүргізіп жатқанын, оның нәтижелері халыққа жария етілетінін атап өтті.
Әңгімелесу соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бойынша бірлескен нәтижелі жұмысты қолдады.
Кездесу сенімді және сындарлы жағдайда өтті.