Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Covid-19 пандемиясы кезеңінде Латвияға кіру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Covid-19 пандемиясы кезеңінде Латвияға кіру бойынша ақпарат

2021 жылғы 11 қазаннан бастап Латвия Министрлер Кабинетінің шешімімен елде үш ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды.

Латвияға баруға ниет білдірген тұлғалар Латвия Республикасындағы, транзиттік жүру пункттеріндегі қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен, сондай-ақ тасымалдаушылар қабылдаған эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларымен мұқият танысуы қажет.

Латвия Республикасына келгендердің барлығы үшін бірыңғай талабы бойынша www.covidpass.lv сайтында электрондық сауалнаманы міндетті түрде толтыру болып қала береді. Аталған сауалнаманы Латвияға кірер алдында 48 сағат бұрын толтырып, арнайы QR-кодты алу қажет.

Сонымен қатар, Латвияға кіргенге дейін 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен іріктелген теріс нәтижесі бар Covid-19 тестін ұсыну қажет. Латвияға аурудың жоғары қаупі бар елдерден келген адамдар үшін (аурулардың алдын алу және бақылау орталығының веб-сайтындағы елдердің тізімін қараңыз https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0), сондай-ақ ЕО-ның сыртқы шекарасын кесіп өтетін тікелей рейстермен Латвияға келгеннен кейін бірден Covid-19-ға қайта тест жасап, тұрғылықты жеріңізде 10 күн бойы оқшаулануды сақтау қажет. Тест өткізу шығындары өз бетінше төленеді.

Аса шұғыл жағдайда Латвияға кіруге құқығы бар адамдардың санаттары:

- жұмыс;

- жоғары оқу орындарында оқу;

- отбасын біріктіру;

- медициналық қызмет алу;

- транзит;

- кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу;

- тұрақты тұратын жеріне оралу;

- жерлеу;

- Латвия мемлекеттік органдарының шақыруымен және Латвия Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен.

Латвия Министрлер Кабинетінің кіруге рұқсат беру туралы шешімі сайтта орналастырылған https://likumi.lv/p/ru/covid-19.

Covid-19 сынағы және 10 күндік өзін-өзі оқшаулауды сақтау ауру деңгейі төмен елдерден кіру кезінде қажет емес.

Латвия аумағында транзитпен болуға интернет-бетте сауалнама-растау берілген сәттен бастап 24 сағаттан асырмай жол беріледі www.covidpass.lv.

Жоғарыда аталған құжаттарды ұсыну талабы мынадай тұлғалар үшін  қолданылмайды:

- 12 жасқа дейінгі балаларға;

- Латвияда тіркелген шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне;

- Латвияға Латвия Республикасы басшылығының ресми шақыруы бойынша келетін адамдарға (алдын ала келісіледі және ресімделеді);

- шетелдік дипломатиялық курьерлерге немесе ad hoc дипломатиялық курьерлеріне;

- дипломатиялық паспорт иелеріне, оларға ілесіп жүретін техникалық персоналға, шенеуніктерге және ресми функцияларды орындау кезінде дипломатиялық немесе консулдық қызмет қызметкерлеріне.

Латвия Республикасына кіру және Латвия Республикасынан шығу тәртібін нақтылау үшін Латвия Республикасының Мемлекеттік шекара күзетінің сайтына хабарласуды ұсынамыз (https://www.rs.gov.lv/en/contacts).  

Елдегі қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер туралы толық ақпаратты Латвияның аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сайтынан алуға болады (https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0).