Парламенттік байланыстарды дамыту

Парламенттік байланыстарды дамыту

2021 жылғы 14 желтоқсанда Елші Тимур Пірімбетовтің Латвия Республикасы Сеймінің депутаты, Сыртқы істер комитетінің мүшесі Арманд Крауземен кездесуі өтті.

Сұхбаттасу барысында екіжақты Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтудың кең ауқымды мәселелерін талқылау басты назарда болды.

Кездесуде Т.Пірімбетов Мемлекет басшысы айтқан кең ауқымды жаңғырту күн тәртібінің аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ латвиялық депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына қыркүйектегі Жолдауының негізгі ережелерімен де таныстырылды.

А.Краузе еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде қол жеткізген саяси, экономикалық және демократиялық жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстан басшылығының алға қойылған міндеттерді шешудегі дәйекті және жүйелі көзқарасын ерекше атап өтті. Латвияның екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша еліміздің өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға зор мүдделілігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын сақтау туралы келісімге қол жеткізілді.