
А.ж. 14 желтоқсанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде шығармашылығымен әлемге танымал әйгілі латвиялық опера әншісі, көптеген ұлттық және халықаралық марапаттар мен сыйлықтардың иегері Инесса Галантемен кездесу өтті.
Сұхбаттасу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту және мәдениет пен өнер саласындағы, оның ішінде 2013 жылы И.Галанте негізін қалаған Мәдени қор желісі бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.
И.Галанте еліміздегі опера өнерінің деңгейіне, опера сахнасының жас орындаушыларының кәсіби дайындығына тәнті екенін білдірді. Қазақстан басшылығының елдегі мәдениетті қолдау және дамыту жөніндегі күш-жігерін ерекше атап өтіп, барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сұхбат соңында Қазақстан Елшісі Галанте ханымға шығармашылық табыс тіледі.