Латвиямен IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары

Латвиямен IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары

Рига, 2021 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Латвия Республикасы Президентінің ақпараттық және цифрлық саясат жөніндегі кеңесшісі Иева Силинямен кездесу өтті.

Елші Тимур Пірімбетов жоғары мәртебелі латвиялық сұхбаттасушыны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Латвия Президентінің Әкімшілігінде И.Силиня айналысатын мәселелердің ауқымы мен сипатын ескере отырып, екіжақты экономикалық қатынастардың басым бағыттарының бірі болуға перспективасы бар елдердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Латвия Президентінің кеңесшісі экономиканың түрлі салаларында ақпараттық-технологиялық шешімдерді кеңінен енгізу бойынша латыш тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени-гуманитарлық және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.