Латвияның ақпараттық технологиялар кластерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Латвияның ақпараттық технологиялар кластерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ү.ж. 8 желтоқсанда Елшілікте Елші Тимур Пірімбетов Латвия ақпараттық технологиялар кластерінің Басқарма төрағасы Гатис Ошс және Халықаралық және экспорттық жобалардың жетекшісі Ира Рацинямен кездесу өткізді.

Т.Пірімбетов сұхбаттасушыларды Қазақстандағы экономикалық реформалар, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа тәсілдері мен экономиканы дамытудың ұлттық басымдықтары, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен жасыл экономика салалары жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне, шетелдік компаниялар үшін қаржы орталығы алаңында өз бизнесін дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Г.Ошс пен И.Рациня елімізбен ынтымақтастық орнатуға үлкен қызығушылық танытты.

Кездесу соңында келесі жылдың басында екі елдің IT-компаниялары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Латвия бизнес-форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.