
2021 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде «Freecity.lv» медиа тобының бас редакторы Татьяна Фастпен кездесу өтті.
Кездесу басында Қазақстан Елшісі Т.Пірімбетов Фаст ханымға Елшілік пен «Freecity.lv» медиа-тобы арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтып, Елшілік латвиялық БАҚпен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті.
Бұдан кейін Т.Пірімбетов әңгімелесушіге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы айтып берді.
Кездесу барысында «Freecity.lv» интернет-порталында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мақаланы жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.