
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы ерен еңбегін мойындау ретінде бекітілді.
1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық демократиялық сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті лауазымына сайланды.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Нұрсұлтан Назарбаевты әлемдік қоғамдастық көрнекті саясаткер және реформатор деп таныды.
Оның басшылығымен іргелі және ауқымды саяси, демократиялық және әлеуметтік-экономикалық реформалар табысты іске асырылды. Шетелдік сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларын «Қазақстан жолы» немесе «Қазақстандық моделі» деп атап, оларың елді орнықты даму траекториясына шығаруға мүмкіндік бергенін атап өтеді. Бүгінде Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша посткеңестік кеңістікте жетекші орынға ие.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанда Семей ядролық полигоны жабылды. Біздің еліміз әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты беделді халықаралық ұйымдарды құрудың бастауында тұрды.
Оның күш-жігерінің арқасында Қазақстанның елордасында 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті болып өтті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, көптеген басқа да халықаралық форумдар тұрақты негізде өткізіліп тұрады.
1995 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев Отанымыздың жаңа елордасының сәулетшісі болып табылады және бүгінде елорда оның есімімен аталады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі ретінде туған Қазақстанның игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруда.