Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ригада қазақстандық суретшілер көрмесінің тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  Ригада қазақстандық суретшілер көрмесінің тұсаукесері өтті

Рига, 2021 жылғы 30 қараша – Балтық Халықаралық Академиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күніне арналған қазақстандық суретшілер көрмесінің тұсаукесері өтті.

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі өзінің құттықтау сөзінде Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасында 1 желтоқсанда атап өтілетін әрбір қазақстандық үшін ерекше мереке екенін атап өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты, оның басшылығымен іргелі саяси, демократиялық және әлеуметтік-экономикалық реформалар табысты жүргізілді. Бүгінде Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша посткеңестік кеңістікте жетекші орынға ие.

Қазақстандық суретшілер жұмыстарының көрмесі қазақстандық-латвиялық тығыз мәдени байланыстардың айқын дәлелі болып табылады және қазақ халқының мәдениетіне үлкен қызығушылық танытады.

Көрменің тұсаукесеріне шақырылғандардың арасында Латвия Сеймінің депутаттары, Латвияда тіркелген шет мемлекеттердің елшілері, академиялық топтардың және қазақ диаспорасының өкілдері болды.