Ригада «Қазақстандағы реформалар - ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ригада «Қазақстандағы реформалар - ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Рига, 2021 жылғы 14 қазан – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Латвияның Экономика институтымен бірлесе отырып, Латвия Ғылым Академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған  «Қазақстандағы реформалар – ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның модераторы Латвия Ғылым Академиясы Экономика институтының директоры Н.Линде болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Латвия Сеймінің депутаттары қатысты: У.Аугулис – «Жасылдар мен Шаруалар одағы» парламенттік фракциясының басшысы және Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топтың жетекшісі, А.Краузе – Сыртқы істер жөніндегі парламенттік комитеттің мүшесі, Л. Шевцова – Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топ басшысының орынбасары, сондай-ақ И.Силина – Латвия Президентінің Ғылым және білім жөніндегі кеңесшісі, академик Б.Ривжа – Латвия ғылым академиясы төралқасының мүшесі, Я.Ванагс – Экономика институтының жетекші экономисті, Рига техникалық университетінің профессоры, Р.Розебергс – «Netkariga Rita avize» газетінің саяси шолушысы, А.Видякин – Балтық-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы және Латвия Экономика институтының өзге де сарапшылары.

Қазақстанның Елшісі Т.Пірімбетов қазіргі уақытта Қазақстанда Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы баяндама жасады.

Аудиторияның назары тәуелсіз дамудың үш онжылдығы ішіндегі Қазақстан Республикасының жетістіктеріне аударылды, олардың әрқайсысы жас мемлекеттің егемендігін, ұлттық экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын, халықаралық беделін нығайтудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен бүкіл әлемде танылған мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы негізгі рөлі атап өтілді.

Сындарлы пікірталас барысында У.Аугулис, А.Краузе, Л.Шевцова, Б.Ривжа және Я.Ванагс сөз сөйледі, олар Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың одан әрі демократияландыруға, азаматтық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды жаңғыртылған күн тәртібін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық мақсаттар мен міндеттер әлемдік саясат пен экономиканың пандемиядан кейінгі дамуының басымдықтарымен нақты үйлесетіні аталды.

Сондай-ақ, Т.Пірімбетов Қазақстан – Латвия қарым-қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Тараптар түрлі салаларда ортақ мүдделердің бар екеніне тоқталып, Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. 

Іс-шара Латвия Республикасының Министрлер Кабинеті белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтті.